KMF-DEMEU
Мәскеуде қаржылық сауаттылық жобасы бойынша тәжірибемен бөлісеміз.
Ресей Микроқаржылық Орталығының (РМО) және Микроқаржылық нарық қатысушыларының ұлттық қауымдастығының шақыруымен KMF МҚҰ және «KMF Демеу» корпоративтік қоры 2017 жылдың 15 ақпанында Мәскеу қаласында өткен «Кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Халықаралық тәжірибе» атты семинарға қатысып қайтты. Аталмыш шара «Қаржылық нарыққа қатысты тұтынушылардың сенімін қалай арттыру керек» қаржылық сауаттылық және қаржылық қолжетімділік жөніндегі үшінші халықаралық конференция аясында ұйымдастырылды.

Сараптамалық дөңгелек үстел аясында кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы ресейлік және халықаралық тәжірибе талқыланды. Талқылау барысында кәсіпкерлердің, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жалпы ұлттық бағдарламалардың мәселелері сөз болды.

Кәсіпкерлердің және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бағдарламаларды өткізуде тәжірибесі мол KMF МҚҰ және KMF Демеу қазақстандық тәжірибесімен бөлісті.
Рауза Абдулвахитовна «Қаржылық сауаттылық саласындағы білім: кімді оқытамыз, қалай оқытамыз, не үшін оқытамыз?» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Бұл ретте корпоративтік қор басшысы отбасы бюджетін басқаруда және бизнесті басқаруда қаржылық сауаттылықты арттыру жобаларын әзірлеу қалай басталғаны туралы тәжірибемен бөлісті. KMF тәжірибесі конференция қатысушылары, сонымен қатар осы сессияның спикерлері арасында үлкен қызығушылық туғызды. Белорусь, Қырғызстан спикерлері, сонымен қатар РМЦ қызметкерлері біздің микроқаржылық ұйымға жылы лебіздерін білдірді.

Осы шараның қатысушылары: Ресей Банкі, РФ Қаржы министрлігі, РФ Қаржы министрлігінің Халықаралық қаржылық қатынастар департаменті, Citi қоры, қаржылық сауаттылық бойынша ұлттық бағдарлама өкілдері (Голландия/Португалия), РФ Білім және ғылым министрлігі және т.б.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024