«Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру» бағдарламасы шеңберінде «Жеке қаржы» атты жаңа кітапшаны ұсынамыз. Онда біз отбасы бюджетін басқару, жоспарлау, ақшаны үнемдеу, жинау және инвестициялау, дұрыс кредит таңдау мәселелерін қозғаймыз. «Жеке қаржы» кітапшасын оқыңыз, сонда сіз ақшаңызды үнемдеуді ғана емес, сондай-ақ оны көбейту жолдарын білетін боласыз!
----------
«Қаржылық сауаттылықты арттыру» бағдарламасы аясында, азаматтарды интернеттегі қаржылық алаяқтықтан сақтау үшін KMF және KMF-Демеу Қаржы нарығын дамыту және реттеу Агенттігімен бірлесіп "Қаржылық және цифрлық қауіпсіздік" тақырыбындағы кітапшаны ұсынады. Біз Қазақстанда таралған қаржылық алаяқтықтың тәсілдері туралы айтып, одан қалай сақтану жайлы кеңес береміз. Кітапшаны KMF кез-келген бөлімшесінен алуға болады.
----------
Соңғы бірнеше жыл ішінде Instagram бүкіл дүниежүзінде бизнестің ажырамас бөлігіне айналды.
Көптеген компаниялар онлайн-сатуға көшуге мәжбүр болған кезде әрқайсыңыз оның мүмкіндіктерін сезіндіңіз. «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасының шеңберінде және бизнестің онлайн форматқа көшуін қолдау мақсатында KMF МҚҰ және KMF-Демеу жаңадан бастаған және тәжірибелі пайдаланушылар үшін «Instagram-да қалай бизнес аккаунт құрып, алға жылжытуға болады» кітапшасын әзірледі.
Жаңадан бастаған пайдаланушыға арналған кітапшада сіз бизнес-аккаунтты құру, оны безендіру туралы егжей-тегжей нұсқауларды, қосымшаны пайдалану бойынша ұсынымдарды, жылжыту тәсілдерін, сонымен қатар өз бетінше жарнама жасау және іске қосу туралы ақпаратты таба аласыз. Кітапшадан басқа, біз Instagram-ды пайдалану жөнінде бейне-сабақтар дайындадық, оларды біздің Instagram парақшамыздан сілтемесі арқылы көруге болады.
Тәжірибелі пайдаланушыларға арналған кітапшада Instagram арқылы аудиториямен қалай жұмыс істеу керектігін, таргетингті өз бетінше қалай іске қосуға болатынын, бизнес аккаунттың статистикасын қалай тексеруге болатынын айтамыз. Кітапшаны KMF-тің кез келген бөлімшесінен ала аласыз.
----------
«Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасының аясында және топтық кредиттеу туралы ақпарат беру мақсатында КМФ KMF-Демеумен бірге топтық кредиттеудің артықшылықтары туралы «Бірге кредит аламыз» деген кітапша шығарды.
Неге топта кредит алған тиімді? Осы жерден оқыңыз.
Сондай-ақ Сіз кітапшаны өзіңізге жақын KMF бөлімшесінен ала аласыз.
----------
2013 жылы «KMF-Демеу» қоры «KMF» микроқаржылық ұйымымен бірге «Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаты оқыту семинарларына тегін қатысу мүмкіндігін ұсына отырып, халыққа қаржылық емес қолдау көрсету болып табылады.
Жоба аясында KMF микроқаржылық ұйымы еліміздің кез келген азаматы үшін тегін сабақтар мен семинарлар өткізеді. Тұрғындар аталмыш семинарларда өз қаржы құралдарын сауатты басқаруға мүмкіндік беретін қаржы саласында жеткілікті білім деңгейін және дағдыларды игеруге мүмкіндік алады - кірістер мен шығыстардың есебін жүргізуді, шамадан тыс берешектің туындауына жол бермеуді, жеке бюджетті жоспарлауды, ақша жинақтауды үйренеді.
Қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар KMF микроқаржылық ұйымының кеңселері орналасқан Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді. Дәрістер қаржылық сауаттылық бойынша бейне сабақтар мен кітапшалардың сериясынан тұрады әрі олар әрбір тыңдарманға тегін таратылады.
Сабаққа KMF МҚҰ кеңсесіне келіп жазылуға болады.
KMF-DEMEU 2023