KMF-DEMEU
Барлық отбасына арналған Unity фестивалі
KMF МҚҰ және KMF-Демеу қоры компаниялар тобы 2017 жылғы шілденің 10-11 күндері Алматы қаласының Орталық Мәдениет және демалыс саябағында өткен бесінші отбасылық Unity фестиваліне қатысты. Отбасы мен балалықтың екі күндік мерекесі «Күн қаланың ертегілері» тақырыбында өткізілді. Шара барысында қызықты байқаулар, қызықты шеберлік кластары, «сән театры», роботтардың ұрысы өткізілді, көптеген пайдалы ақпарат берілді, сонымен қатар барлық қонақтарға сыйлықтар мен жәдігерлер тарту етілді.
Тәттіден бас тартатын бала бола ма, «Крембрюляндиядағы тәтті құмарлар» атты шара мереке сәнін кіргізе түсті.
Фестиваль - балалар мен ата-аналарды шаттыққа толы ортақ толқынға тоғыстыратын, шығармашылық пен ойын-сауық әлеміне елітетін, барлық отбасы мүшелеріне қызықты әрі қажет ақпаратты бір орыннан алуға мүмкіндік беретін атаулы мереке. Unity жылсайын қонақтарға жаңа тақырыптағы шараларды ұсынады, жобаның барлық алаңдарында таңдалған тақырыпқа сай шаралар өткізіледі. KMF-Демеу қоры және KMF МҚҰ компаниясы Қазақстандағы отбасы бизнесіне қолдау көрсету мақсатында аталмыш шараға екі жылдан бері қатысып келеді.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024