KMF-DEMEU
«ӘЙЕЛ ЖӘНЕ БИЗНЕС : БИЗНЕСТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП» 10-ШЫ АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
15 наурызда Таразда Қазақстанда бизнесін ұйымдастыру және дамыту барысында әйелдер тап болатын проблемаларды талқылауға және шешу жолдарын іздеуге арналған, «Әйел және бизнес» оныншы аймақтық конференциясы болып өтті. Ұйымдастырушылары «KMF-Демеу» Корпоративтік қоры мен «KMF» Микроқаржылық ұйымы.
Конференцияның басты мақсаты – әйелдердің өз ісін дамытудың заманауи әдістеріне және бизнес-әдістемелерге, сарапшылардың және бизнес-жаттықтырушылардың көмегіне қол жеткізуіне мүмкіндік беру. Конференция бизнесте ысылғандарға ғана емес, сондай-ақ шағын кәсіпкерлерге, кәсіпкер ретінде жолын енді бастаған өзін-өзі қамтушы әйелдерге арналған.

2-min.jpg

Конференцияға Жамбыл облысынан шамамен 150 кәсіпкер әйел қатысты.
«KMF клиенттерінің шамамен 63%  – әйелдер. Біздің тұрақты міндетіміз оларды, соның ішінде ауылда қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ нарықтық өмірге бейімделуге көмектесу, өз ісін қалай дұрыс және шығынсыз бастау керектігін, отбасы мен балаларын қалай қамтамасыз ету керектігін айту. Сондықтан біз көптеген жылдар бойы қаржылық сауаттылыққа оқыту бағдарламасының аясында әйелдерді оқытуға, олардың дағдыларын және құзыреттігін дамытуға қомақты қаражаттар және күш салудамыз», - деді Рауза Ибрагимова, «KMF-Демеу» қорының Бас Директоры. 

3-min.jpg

KMF Басқарма Төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова сөз алды: «Микрокредиттеу нарығында жұмыс істеген 20 жылдың ішінде біз елдің көптеген аймақтарында мыңдаған кәсіпкер әйелдерді тәрбиелеп шығардық. Біз қазақстандық кәсіпкер әйелдердің қандай дарынды, жігерлі екендігін көріп отырмыз. Және олар сондай тәртіпті, тәуекел деңгейін өлшей алатын қарыз алушылар. Бұл тұрғыда сіздер кәсіпкер ер кісілерден әлдеқайда артықсыздар. Бұл менің пікірім емес, бұл статистика. Сондай-ақ біз қолжетімді қаржыландыру ғана емес, білім алу, өзге кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу проблемасы да өзекті болып тұрған өңірлердегі кәсіпкер әйелге не қажет екендігін білеміз. Бизнес-конференция ұйымдастыра отырып, біз бизнестегі әйелдерге барлық осы сұрақтарға жан-жақты жауап беруге тырысамыз. Бұл үшін біз білімімен және тәжірибелерімен бөлісетін сарапшыларды шақырдық. Бүгінгі форумнан кейін сіздердің әрбіріңіз өз күштеріне деген сенімі арта түсіп, кәсібиленіп, жаңа бизнес жеңістеріне жету үшін білім мен күш қуат алады деп сенемін». 

4-min.jpg

Іс-шарада «Сіздің бизнесіңізге апаратын 7 қадам» тұсаукесерімен Отбасылық бизнес қауымдастығының өкілі, Интернет арқылы сату техникасын таныстырумен Франкфурт бизнес мектебінің спикері баяндама жасады. Сондай-ақ бейінді сарапшылар қазіргі заманғы бизнестің ажырамас бөлшектері ретінде бизнес-сату, өзін-өзі таныстыру әдістемелерімен делегаттарды таныстырды. 

5-min.jpg

Спикерлердің сөздерінен кейін жәрмеңке көрме ұйымдастырылды, онда конференцияға қатысушылар өз өнімдерін қойды. Осында, тосыннан құрылған сұхбат алаңқайында көпшілігі облыстың басқа аудандарынан келген әріптестерімен сұхбаттасып, пайдалы іскерлік байланыстар құра алды.

Іс-шара фотоларын Галереядан сілтеме бойынша қараңыз.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024