KMF-DEMEU
Құрметті KMF клиенттері!

Біздің компания шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға көп атсалысады, сол себепті «KMF-Демеу» қоры білім беруге арналған онлайн-жобаны іске қосты.

KMF пен "KMF Демеу" Telegram-да «Бизнесті қалай басқару керек» чат-ботын іске қосты. Онда бизнесті басқарудың негізгі тәсілдері туралы біліп, алған білімді ойын түрінде бекіте аласыз.  

Жоба аясында бейне роликтерді көріп, кәсіпкерлерге арналған 5 өзекті тақырыппен таныса аласыз:

  • Баланстық есеп
  • Ақша ағынын басқару
  • Сату техникасы
  • Маркетинг
  • Адами ресурстарды басқару

МАҢЫЗДЫ:

Бейне курсты аяқтағаннан кейін КМФ бөлімшесіне келіп, кредиттік сарапшыңыздан оқуға қажетті жинақты ала аласыз. Жинаққа келесі заттар кіреді:

  • «Жетістікке жетер жол» кітапшасы
  • Блокнот
  • Эко-сөмке
  • Қаламсап

Оқу үдерісінде сіз өзіңіздің біліміңізді қызықты ізденісте бекітесіз:

https://trenazher.demeufund.kz/ - орыс тілінде
https://trenazher.demeufund.kz/?lang=kz – қазақ тілінде

Ботқа өту үшін Telegram-да @KMFDemeuBot немесе «Бизнесті қалай басқару керек» деп теріп, іске қосу түймесін басу керек. 

Толық ақпаратты видео-анонстан қараңыз! 

Бизнестің тиімділігін бірге арттырайық!

https://youtu.be/amOxefZmehM

Жаттықтыру сұрақтарынан өткеннен кейін және кері байланыс сауалнамасын толтырғаннан кейін клиентке бизнесті басқаруда қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат беріледі. Сертификатты жақын орналасқан KMF кеңсенен қолма-қол немесе электронды форматта алуға болады.

Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024