KMF-DEMEU
«Табыс жолы» байқауының жеңімпаздары

2016 жылы KMF клиенттерінің арасында «Табыс жолы» байқауы өтті, оған Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген кәсіпкерлер қатысты.

Байқау қатысушысы болу үшін бес тақырып бойынша бизнес-сауатттылық жөніндегі семинарлардың тыңдаушысы болу қажет: 

1. Бизнесті басқарудағы баланстық есеп;

2. Кіші және шағын кәсіпорындарға арналған маркетинг;

3. Сату техникасы;

4. Ақша ағындарын басқару;

5. Адами ресурстарды басқару.

Байқау мәресіне бизнес-сауаттылық бойынша бес сабаққа қатысқан және өз пікірлерін қалдырған 5 қатысушы шықты.    

Байқау финалистері: 

1)Рахметулаева Гулистан, KMF МҚҰ Алматы филиалының клиенті

2)Семсербекова Салтанат Рымбековна, KMF МҚҰ Алматы филиалының клиенті

3)Байгазина Ажар, KMF МҚҰ Алматы филиалының клиенті

4)Молдабеков Ержан Жанатович, KMF МҚҰ Алматы филиалының клиенті

5)Самакова Зауре Майеновна, KMF МҚҰ Ақмола филиалының клиенті

Байқау жеңімпаздары анықталып, олар Алматы қаласында 3 наурызда өткен IX «Әйелдер және Бизнес» республикалық конференциясына шақырылды. Конференция барысында үш жеңімпаздың аты жарияланды әрі оларға тұрмыстық техника дүкендерінің сыйлық картасы тарту етілді.    

Бірінші орынға Шамалған ауылының тұрғыны Байғазина Ажар лайық деп танылды, оған 75 000 теңгені құрайтын сертификат табыс етілді.

Байғазина Ажар барлық бес оқу модулінен өтіп, «Бизнесті басқарудағы баланстық есеп» тақырыбының маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол бұл тақырыпты аса тиімді деп есептейді, өйткені оның нәтижелерін практика жүзінде бірден көруге болады. Аталмыш семинардың арқасында Ажар өз компаниясындағы есептілік жүйесін өзгертті. 

Ажар бұл байқауда бар өнерін салды, ол жұмыстарына суреттерін тіркеді. Ажар Байғазина суреттерінде KMF-тің өз клиенттеріне көрсеткен қаржылық және қаржылық емес қолдаудың көрінісін бейнелеген.bd.jpg

Қаскелең қаласынан келген Семсербекова Салтанат Рымбековна екінші орынды иеленіп, 50000 теңгені құрайтын сертификатпен марапатталды. bd1.jpg

Тағы да бір Қаскелең тұрғыны Молдабеков Ержан үшінші орынға табан тіреп, 25 теңгені құрайтын сертификаттың бақытты иегері атанды.   

Ержан Молдабеков «Кіші және шағын кәсіпорындарға арналған маркетинг» курсының қатысушысы болды, ол да бизнес-сауаттылық бойынша барлық бес сабаққа қатысты. Кәсіпкердің Қаскелең қаласында шағын бизнесі бар және ол өз бизнесін дамыту және дұрыс жылжыту үшін өмір ағымынан қалмауға тырысады.bd2.jpg

Байқау жеңімпазы Байғазина Ажардың бизнес-сауаттылық курстары туралы пікірі 

«Бизнесте жүргеніме 20 жыл болды, біраз уақыт банктермен жұмыс істеген едім. Бизнесті одан әрі дамыту үшін қосымша ақша керек екені белгілі, көп жағдайда бұл банктік кредит. Қосымша қаражат айналым қаражатын толықтыруға, капитал активтерін сатып алуға, яғни бизнесті дамыту үшін қажетті заттарды сатып алуға жұмсалады. Мойныңда кредитің болса, көп нәрсеге үйренесің – тәртіптілікке, есептілікті құрастыруға, шығыстарды қадағалауға және т.б. мән бересің. 

Банктермен жұмыс істеу кезінде мен қаржылық және құқықтық сауаттылығымды толықтырған едім (себебі, алғашқы сабақ салық инспекциясынан алдым). Алайда қажеттінің барлығын өз бетінше үйренетінмін. Банк – бұл үлкен ұйым, ал сен олар үшін миллиондаған клиенттің бірісің. Ал Сіздер мүлдем басқа жолды ұстанасыздар, яғни KMF микроқаржылық ұйымының клиенттерге көзқарасы ерекше. Бизнес сауаттылық бойынша сабақтарды компанияның білікті қызметкерлері өткізеді әрі олар өз клиенттерін қаржылық сауаттылыққа үйретуге үлкен мән береді. Сондықтан болар  KMF-тің клиенттерге қарым-қатынасы айрықша көңілімнен шықты.

KMF-те әрбір клиенттің ерекшелігіне мән береді, оның қажеттіліктерін түсінеді және бизнесті басқаруда және жылжытуда көбірек білім беруге тырысады. Сол себепті олар кәсіпкерлер үшін тренингтер ұйымдастырып, әсіресе ауыл тұрғындарын барынша қамтуға көңіл бөледі. Бұл менің өмірімдегі ең мықты курстар болды. Мен бұған дейін басқа көптеген курстарға барған болатынмын, дегенмен KMF-тің өз клиенттеріне көрсеткен шын ықыласты басқа еш жерде кездестірмедім. 

Бизнес-сауаттылық бойынша семинарларда кәсіпкерлік қызметтің практикалық жағдайлары қарастырылады, бизнесті оңтайландыру жолдары, басқа компаниялармен ынтымақтастық орнату, қызметкерлерді басқару тәсілдері талданып, мысал келтіріледі. KMF қызметкерлері бар білгендерімен бөлісуге, барынша көп мағлұмат беруге тырысады. Ал мұндай қарым-қатынас әрқашан жақсы пікір қалыптастырады. 

Мен сабақтарға қуана баратынмын. Ең бастысы – тренингтерден кейін әр алуан идеялар туындап, оны бірден өз бизнесіңе ендіруге асығасың. Мысалы, тренингтен кейін мен компаниядағы есептілік жүйесін өзгерттім, яғни жиі жасалатын есептілік жұмысты жеңілдететінін түсіндім. Сонымен қатар бұған дейін бухгалтерлік есепті оқымағандықтан, қаржылық көрсеткіштерді дұрыс есептемегенімді анықтадым. Қазіргі таңда мен компаниямдағы бухгалтерияны KMF-тен алған біліміме сүйене отырып жүргіземін.  

Бізге көп жағдайда арнайы тренингке қатысу үшін қалаға баруға уақыт жетпей жатады. KMF-те бәрі ыңғайлы, қолжетімді, қызықты, тиімді. Мен өз ауылымда орналасқан компания кеңсесіне барып оқыдым. Бұл өте қолайлы.   

Мен компанияның барлық ұжымына және тренерлер құрамына шексіз алғысымды білдіремін. Тренингтер өз жалғасын тауып, оған қатысушылардың қарасы үзілмейді деп үміттенемін!»

Семсербекова Салтанат Рымбековна, бизнес-сауаттылық курстары туралы өз ойымен бөліседі:

«KMF-тің клиенті болғаныма үш жылдан асты.  Менің кредиттік сарапшым бизнес-сауаттылық бойынша семинарға қатысуға шақырды. 2016 жылдың тамыз айында алғаш рет «Адами ресурстарды басқару» тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификатқа ие болдым. Алған білімім мен дағдыларымның нәтижесімен бөлісемін.

Кез келген бизнесте кадрлардың рөлі айрықша. Бизнесің алға жылжуы үшін жақсы кәсіпқойлар, мықты команда, жауапты және адал қызметкерлер қажет. Жұмыскерлерім жиі ауысатындықтан, оларды басқаруда үлкен қателік жіберіп жүргенімді сезетінмін. Тек сіздердің семинарларыңызда ғана қателігімді түсініп, бизнесті одан әрі дамыту үшін құнды кеңес алдым. Сабақтарда алған білімім өз компаниямды сауатты басқаруға зор көмегін тигізді. 

Бүгінгі таңда қызметкерлерді іріктеу кезінде кастинг жүргіземін. Компанияда үлкен кадрлық резерв жинақталған. Қазір өз жұмысын бағалайтын қызметкерлер арасында адал бәсекелестік рухы пайда болған! Семинарлардың арқасында бизнестің ең маңызды активі – қызметкерлер құрамын басқаруға үйрендім!   

KMF командасына аса құнды әрі қолжетімді семинарларды өткізгеніне рақмет айтқым келеді! Данышпандылық қарапайымдылықта деп бекер айтылмаған! Ал KMF-тің қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша бағдарламасы осы данышпандыққа жол табуға көмектеседі». 

KMF МҚҰ клиенті Ержан Молдабеков «Маркетинг» курсынан өтуге шақырады!

«Семинардан кейін бизнесті одан да жақсы, одан да тиімді жүргізе алатынымды түсіндім. Сол уақытта мен дүкенімді қайта жөндеуден өткізіп жатқан едім, яғни сауда алаңын ұлғайтып, екінші қабатты тұрғызып жатқанмын. Бұл семинар дер кезінде өткізілді. Сауда алаңын ұлғайтқаннан кейін, клиенттерге ыңғайлы болу үшін еркін қозғалуға мүмкіндік беретін орын қалдырдым.   

Семинар кезінде өз ісімде пайдаға жараған құнды кеңестерді алдым. Мысалы, сөрелерде тауарларды дұрыс орналастыру бойынша кеңес маған тауар түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік берді, ал бұл сауданың жалпы  20%-ға өсуіне септігін тигізді. Сонымен қатар сыртқы жарнамаға үлкен мән бере бастадым, оларды ашық және бірден көзге түсетіндей етіп жасаттым.   

Алған білімімді практикада қолданғаннан кейін, мен қалған оқу курстарына қатысуға бел будым. Семинарларда алған білімің KMF тарапынан тегін ұсынылатын баға жетпес капитал екендігіне көзім жетті.    

Барлық бес семинарға қатысқаннан кейін үйреншікті бизнесті ғана емес, бизнестің басқа бағыттарын қосымша дамытуға болатынын түсіндім. Мысалы, жұмыскерлерді жұмысқа алу кезінде «Адами ресурстарды басқару» курсында алған білімімді қолданамын. «Сату техникасы» курсы сатушыларды оқыту есебінен сатылымдарды арттыруға мүмкіндік берді.   

Енді мен бизнесті жүргізу үшін қажетті дағды мен білімді игердім деп ауыз толтыра айта аламын, ал білмегенімді KMF-тің келешектегі семинарларынан білетін боламын деген ойдамын».

KMF МҚҰ кәсіпкерлерді оқыту бойынша тегін семинарлар өткізеді. Сабақтар компанияның кеңселері мен бөлімшелері орналасқан кез келген қалада және ауылда қолжетімді. Оқу курсынан өту үшін өз менеджеріңізге хабарласыңыз.   

Біздің бизнес-сауаттылық бойынша семинарларымызға қош келдіңіздер! Сабақтарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болыңыз! 

Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024