2013 жылы «KMF-Демеу» қоры «KMF» микроқаржылық ұйымымен бірге «Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаты оқыту семинарларына тегін қатысу мүмкіндігін ұсына отырып, халыққа қаржылық емес қолдау көрсету болып табылады.
Жоба аясында KMF микроқаржылық ұйымы еліміздің кез келген азаматы үшін тегін сабақтар мен семинарлар өткізеді. Тұрғындар аталмыш семинарларда өз қаржы құралдарын сауатты басқаруға мүмкіндік беретін қаржы саласында жеткілікті білім деңгейін және дағдыларды игеруге мүмкіндік алады - кірістер мен шығыстардың есебін жүргізуді, шамадан тыс берешектің туындауына жол бермеуді, жеке бюджетті жоспарлауды, ақша жинақтауды үйренеді.
Қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар KMF микроқаржылық ұйымының кеңселері орналасқан Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді. Дәрістер қаржылық сауаттылық бойынша бейне сабақтар мен кітапшалардың сериясынан тұрады әрі олар әрбір тыңдарманға тегін таратылады.
Сабаққа KMF МҚҰ кеңсесіне келіп жазылуға болады.
KMF-DEMEU 2019