KMF-DEMEU
Семей филиалында «Бизнес-сауаттылық» бағдарламасы бойынша семинар өтті.

KMF кредиттік сарапшылары өздерінің күнделікті жұмыстарында KMF-Демеу қоры ұсынатын қаржылық емес мүмкіндіктер туралы сөз қозғайды. Семей филиалының клиенттері  «Бизнесті басқарудағы баланстық есеп» тақырыбындағы бизнес-сауаттылық бойынша семинарларға қатысуға ниет білдірді. 

Семинар қатысушыларын келесі мәселелер қатты толғандырды: бизнесті жүргізуде жаңа білім, пайдалы ақпарат, мол тәжірибе алу, баланстық есепті құрастыруды үйрену және бизнесті жүргізуде оның қажеттілігін анықтау.  Клиенттерге теориялық материалдар, сонымен қатар алған білімдерін бекітуге көмектесетін практикалық тапсырмалар таратылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар осы тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді: «Баланстық есепті құрастыру қиын емес! Тек ҚАЛАЙ құрастыру керек екенін білу қажет?!». Әрбір қатысушыға курстан өткендігі туралы сертификат берілді. Клиенттер «Ақша ағындары» тақырыбындағы семинарға қатысуға және «Әртүрлі жинау әдістері» тақырыбын қарастыруға ниет білдірді.  

 

Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024