KMF-DEMEU
Боснияда МФЦ халықаралық конференциясы өтті
Биылғы жылы Польшаның микроқаржылық орталығына 20 жыл толды, осыған орай  KMF МҚҰ және KMF-Демеу қорының өкілдері 23-26 мамыр аралығында Босния мен Герцеговинада өткен 20-шы МҚО конференциясына қатысып қайтты. Конференция «Көкжиек 2037: барлығы үшін адал қаржыландыру» тақырыбында өтті.  
Соңғы екі он жылдықтың ішінде МҚО қаржы ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін жетекші аймақтық орталық, сонымен қатар құрамына KMF кіретін 103 микроқаржылық ұйымды біріктіретін желінің көшбасшысы ретінде өз позициясын нығайта алды. Мерейтой аясында 90-шы жылдары осы секторды құруға атсалысқан танымал теоретиктерді, сарапшыларды және арнайы қонақтарды шақыру арқылы конференцияның бірегей бағдарламасы әзірленді.  
Конференция бағдарламасы Босния, Герцеговина, Еуропа нарығын микроқаржыландыру тақырыбына қанық болды, сондай-ақ микроқаржылық сектор клиенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға үлкен мән берілді. Шараны өткізу барысында МҚО негізін салушылардан сұхбат алынды: Мария Новак және Розалинда Кописаров. Үзіліс кезінде әлеуметтік инвесторлар жәрмеңкесіне қатысу мүмкіндігі болды.  
Конференцияның алғашқы күні біткеннен кейін салтанатты кеш барысында МҚО мерейтойға орай салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.  KMF «Мобильді сарапшы» жобасы бойынша клиенттерге қызмет көрсетуде жаңашылдық әдісі үшін өз марапатын иеленді.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024