KMF-DEMEU
Алматы қаласында Еуразиялық іскер әйелдер форумы өтті
9 маусым күні KMF МҚҰ және KMF-Демеу бастамасымен II Еуразиялық іскер әйелдер бизнес форумы өтті, оған шамамен 250 іскер әйел қатысты. Шараға бизнес-элитаның өкілдері, бизнес-қауымдастықтардың жетекшілері, басшы әйелдер, жеке бизнестерін басқаратын арулар, қоғам қайраткерлері қатысты.  
Шара барысында әйелдердің бизнестегі және әлеуметтік процестердегі рөлі, әйел басшылардың бәсекелестік артықшылықтары, әйел көшбасшылығы, бизнесті масштабтау және кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламалары бойынша қызықты пікірталастар орын алды. Толағай табыстарға жеткен арулар өздерінің табысты оқиғаларымен, бизнесті дамыту, жеке тиімділік, брендинг және нетворкинг бойынша бағалы кеңестерімен және тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.    
Форум аясында Women’s Expo көрмесі өтті, ол жерде KMF-ті қосқанда, озық компаниялардың қызметтері мен тауарлары таныстырылды. Көңілге жайлы әрі жағымды ахуал, жаңа адамдармен танысу, қызықты бағдарлама және есте қаларлық сыйлықтар осы күнді мол қуанышқа әрі шаттыққа бөледі.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024