KMF-DEMEU
KMF және KMF-Демеу Қазақстандағы жастардың стартаптарына қолдау көрсетуде Аяқталған шара
KMF және KMF-Демеу қорының жастардың стартаптарымен, кәсіпкерлігімен байланысты бастамаларды қолдап, демеушілік көрсетіп жүргеніне бірнеше жыл болды. Қазақстан экономикасының болашағы өршіл, дарынды және жалынды жастардың қолында екенін жақсы түсінеміз. Сол себепті біз Startup Weekend демеушісі ретінде жастар кәсіпкерлігінің дамуына барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Студенттер мен жас стартаперлердің командалары Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында өткен Startup Weekend Blockchain хакатонда күш сынасты. «KMF» МҚҰ және «KMF-Демеу» қоры демеушілік көрсеткен іс-шараның сыйлық қоры 1 млн. теңгені құрады. Аталмыш қаражат Қазақстандағы блокчейн технологияларын пайдалана отырып, ең озық стартаптарды іске асыруға мүмкіндік бермек. Startup Weekend шешуші кезеңінде зор идеяның иегерлері, сарапшылар, сонымен қатар жаңа бизнес идеяларға қызығушылық танытқан және уақыт ағынынан қалмауға тырысатын адамдар бас қосты. Көпшіліктің назарына денсаулық сақтау және білім беру саласындағы блокчейн технологиясын пайдалану арқылы әзірленген ондаған жоба және сансыз идея ұсынылды. Нәтижесінде, әділ қазылар алқасының пікірі бойынша үш үздік анықталып, лайықты марапатқа ие болды. Біз жас кәсіпкерлермен жұмыс істеуге әзірміз және барымызды саламыз!
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2018