KMF-DEMEU
Біз біргеміз - Мы вместе
KMF микроқаржылық ұйымы және КMF-Демеу қоры мұқтаж жандарды азық-түлік жинақтарымен қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның Қызыл Жарты айы жобасын қаржыландырды.
2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы деп жарияланғаны белгілі және бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус пандемиясымен күресуге бағытталған төтенше шаралардың қабылдануына байланысты, біз қолдауға және көмегімізге ерекше мұқтаж жандардың барлығына көмек көрсетуде жекелеген адамдардың және ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге уақыт келгенін түсінеміз, өйткені ежелден-ақ жақынына жәрдемдесу халқымыздың және көпұлттық мәдениетіміздің ерекше белгісі болып табылады.
   Әлеуметтік, қайырымдылық, білім беру, мәдени және қоғамдық-пайдалы қызмет көрсетуді негізгі әрі маңызды мақсаты тұтқан KMF- Демеу Корпоративтік Қоры осындай сын сағатында Қазақстан азаматтарын қолдау аясында әлемдегі ең ірі гуманитарлық қауымдастық – Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Қозғалысының бөлімі болып табылатын  «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігіне 4 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде өтеусіз қайырымдылық көмек көрсетіп отыр.
Бұл қайырымдылық көмек Алматы және Нұр-Сұлтан ққ. коронавирус пандемиясына байланысты ТЖ кезеңінде азық-түлік және тұрмыстық химия түрінде жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасыларға көмек көрсету мақсатында беріледі.  Осы қайырымдылық акциясының аясында әрбір отбасы негізгі азық-түліктен құралған Азық-түлік жинағын жанасусыз жеткізу арқылы ала алады.
Жобаға 15 еріктілер көлігі және 30 ерікті жұмылдырылды. Олардың барлығы жеке қорғаныс құралдарымен: маскалармен, қолғаптармен және санитайзерлермен қамтамасыз етілген. Қызыл жарты ай қызметкерлері ТЖ режимін енгізуге байланысты халықтан түскен өтініштердің артуын атайды.

Шалқар Жүсіпов, KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы: «Біздің компания негізі қаланған сәттен бастап, соның ішінде, «KMF-Демеу» корпоративтік қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетуін тоқтатқан емес. Пандемияның азаматтарға және экономикаға әсер ету ауқымы сондай, мұқтаж жандардың басым көпшілігіне көмек дәл қазір қажет. Сондықтан біз Қызыл Жарты айға қаржы бөлуге шешім қабылдадық, бұл ұйым өзінің беделі мен тәжірибесінің арқасында аталмыш көмекті барынша жылдам жеткізе алады».

Дана Бакиева, Қазақстанның Қызыл Жарты Айы Әлеуметтік көмек департаментінің директоры: «Қызыл Жарты Ай әрбір көмек алушының атынан қиын уақытта қолдау көрсеткені үшін «KMF-Демеу» қорына алғысын білдіреді. Мұқтаж жанға жеткізілген әрбір сәлемдеме тағы бір күнді жасауға мүмкіндік береді. Адамгершілік  және мейірімділік – әсіресе, қазіргідей жағдайда адам үшін басты ұғымдар. Ешкімге де оңай емес, бірақ біз бірігіп, көмекті көбірек қажет ететін жандарға жәрдемдесуіміз керек!».
Бөлінген қаражаттан қазақстандықтар 4 000 000 теңге сомасына барлығы 800 сәлемдеме алады, оның 700 данасы Алматы қаласында таратылады, ал 100 сәлемдеме Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі.

Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024