KMF-DEMEU
«Әйел және Бизнес» ІХ аймақтық конференциясы Аяқталған шара
2017 жылдың 3 наурызында Алматы қаласында Достық қонақүйінде «Әйел және Бизнес» ІХ аймақтық конференциясы өтті. Конференция әйелдердің Қазақстанда өз бизнесін ұйымдастыру және дамыту кезінде тап болатын проблемаларды шешу жолдарын талқылауға және іздеуге арналды. Конференцияның басты мақсаты – әйелдерге өз ісін дамытудың заманауи әдістеріне және бизнес әдістемелерге қолжеткізуге мүмкіндік беру, сарапшылар мен бизнес-тренерлердің көмегін ұсыну. Конференция бизнесте белгілі бір жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер әйелдерге ғана емес, бизнеске жаңадан қадам басқан, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген шағын кәсіпкерлерді де назардан тыс қалдырмады. Конференция кезінде шағын және орта бизнес секторындағы әйелдерді қолдау бағдарламасымен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) спикерлері сөз сөйледі, ал Франкфурт бизнес мектебінің өкілдері «Бизнес Линза» бизнесті диагностикалау құралын таныстырды. Сонымен қатар арнайы сарапшылар делегаттарға өз кәсібін дамытудың бір құралы ретінде франчайзинг және заманауи бизнестің ажырамас бөлігі болып табылатын интернет-жылжыту механизмдері және digital-маркетинг туралы мағлұмат берді. Үстіміздегі жылы өткен Конференцияның басты ерекшелігі – конференцияның Республикалық конференция мәртебесіне ие болуы. Шара ұйымдастырушылары - KMF МҚҰ және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры. Конференцияға Қазақстанның әртүрлі қалалары мен ауылдарынан 150 қатысушы келді.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024