KMF-DEMEU
Жастар кәсіпкерлігін қолдаймыз
KMF және KMF-Демеу ENACTUS студенттері танытатын жастар кәсіпкерлігін қолдауды жалғастырады.
KMF және KMF-Демеу 2018 жылдан бастап  Enactus Халықаралық жастар кәсіпкерлігі мектебінің Алтын Демеушісі ретінде әрекет етеді.
Enactus Kazakhstan – бұл кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласында жастарды қарқынды оқытатын халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Enactus студенттері адамдардың өмірін жақсартатын әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus серіктестері  – оқытушылар мен бизнесмендер студенттерді бағыттап, командалардың тәлімгерлері болады. Студенттер жыл сайын өтетін жарыстарда өздерінің жобаларымен таныстырады, оларды бизнес басшылары бағалайды.
Үздік команда АҚШ-тағы Әлем Кубогына қатысуға құқық алады.
2019 жылдың 22-23 сәуірінде студенттік кәсіпкерліктің, стартаптардың және инновациялардың Ұлттық Кубогы болып өтті. Елдің 56 ЖОО студенттері және 125 команда Ұлттық кубокқа қатысты. Сондай-ақ, студенттер үшін халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату бойынша АХҚО Бюросынан арнайы байқау ұйымдастырылды. Студенттер әділқазылар алқасына өздерінің жобаларын ұсынды, олардың арасында жастардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатуға бағытталған қызықты үстел ойындары да бар. Жеңімпаздар АҚШ, Сан Хосе қ. Enactus Әлем кубогына барады.
Бұл бағыт бізді қызықтырып отыр, өйткені біздің жас кәсіпкерлерді қолдап келе жатқанымыз бұл бірінші рет  емес және біз ересек кәсіпкерлердің, балалардың, көзі нашар көретін адамдардың, сондай-ақ қажырлы, алға қойған мақсатына ұмтылатын жастардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатуға мүдделіміз. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланғандығы да есімізде, демек, біз де әрі қарай дамуға қомақты үлес қосқымыз келеді, біз студенттерді өз идеяларынан қорықпауға және идеядан әрекетке көшуге шақырамыз!
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024