KMF-DEMEU
KMF-Демеу Enactus форумында
Биыл КМF және KMF-Демеу жастар кәсіпкерлігін қолдау аясында осы халықаралық студенттік қозғалыстың алтын демеушілері болды.
23 қарашада Алматыда Enactus* Kazakhstan Top To Future Top Leadership Forum Бизнес-Форумы болып өтті, бұл шараға жастар кәсіпкерлігін дамыту және инновациялық бизнес-идеяларды енгізу тәжірибесімен алмасу үшін Қазақстанның 50 жоғарғы оқу орындарынан 1000 аса студент қатысты.
Enactus Бизнес-Форумының негізгі мақсаты Enactus ұлттық және әлемдік кубоктарында ұсынылатын бәсекеге қабілетті бизнес-жобаларды дайындау болып табылады.

Биыл КМF және KMF-Демеу жастар кәсіпкерлігін қолдау аясында осы халықаралық студенттік қозғалыстың алтын демеушілері болды.
Форумның барысында студенттер инвесторларға және демеушілерге қолданыстағы жобаларды ұсынды, үздік жобалар марапатталды. Байқаудың нәтижелері айтылды, жаңа қатысушыларға байқаудың негізгі ережелері мен өлшемдері, жеңімпаздар  Enactus ұлттық және әлем кубоктарына қатысатындығы айтылды. ENACTUS бағдарламасының түлектері өздерінің кәсіпкерліктегі сәтті жолы туралы айтып берді.
Жастарға ұлттық және әлем кубоктарында сәттілік тілейміз!
* Enactus Халықаралық жастар ұйымы адамдардың өмірін жақсартатын әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus бизнесмен-серіктестері мен   оқытушылары студенттерді бағыттап, командалардың тәлімгерлері болады. Студенттер жыл сайын өтетін жарыстарда өздерінің жобаларымен таныстырады, оларды бизнес басшылары бағалайды. Үздік чемпион команда Әлем Кубогына қатысуға құқық алады.  
2018 жылы Сан-Францискода өткен Әлем Кубогында еліміздің намысын Студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар Ұлттық кубогының чемпионы M. Narikbayev KAZGUU University командасы қорғаған болатын. Команда мүмкіндігі шектеулі адамдарды және түрмеде жазасын өтеп шыққандарды әлеуметтік бейімдеу проблемаларына қатысты жобаларды, сонымен қатар көмірге балама ретінде брикеттелген отын жасауды ұсынды.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024