KMF-DEMEU
ЕҚДБ ұйымдастырған «Бизнестегі арулар» конференциясы
16 мамыр күні Алматы қаласында Еуропа Қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) ұйымдастыруымен «Бизнестегі арулар» атты конференция өтті. Бұл шара бүкіл Қазақстаннан жиналған 100-ден астам кәсіпкер арулар үшін тың ақпарат алуға және тәжірибемен алмасуға тамаша мүмкіндік берді. Шараға KMF МҚҰ және KMF-Демеу қорының қызметкерлері белсене атсалысты.
Конференцияның басты тақырыптары – «Бизнестегі арулар» бағдарламасының жетістіктері, гендерлік айырмашылықты ескеретін бизнес-модель құру, кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша Түркияның тәжірибесі. Нәзік жандылардың бизнесін қолдауға арналған «Бизнестегі арулар» кешенді бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының тарапынан қолдауға ие болды. Бағдарлама серіктестері: ForteBank, Банк ЦентрКредит, «KMF» микроқаржылық ұйымы және Shinhan Bank Kazakhstan.
2016 жылдың маусым айында «KMF» МҚҰ ЕҚДБ-мен 2 траншпен берілетін жалпы сомасы 3,8 млрд. теңге көлеміндегі кредиттік келісімге қол қойғанын естеріңізге саламыз. KMF 2016 жылдың тамыз айында кредит беруді бастады және 9000 астам кәсіпкер әйелдің бизнесін қаржыландырды.  
Бүгінгі күнге дейін ЕҚДБ бірнеше шара өткізілді. Атап айтсақ: «Клиент күні», «Әйел және бизнес» конференциясы, «Нәзік жандылар кафесі» - бұл кездесулерде кәсіпкерлер үшін өзекті тақырыптар бейресми форматта талқыланады.  
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024