KMF-DEMEU
Қарағандыда өткен кәсіпкер әйелдерге арналған конференция
17 мамырда Қарағанды қаласындағы «Космонавт» қонақүйінде KMF Isker Hanymy («Бизнес-леди KMF») атты кәсіпкер әйелдерге арналған конференция болып өтті. Бұл күні микроқаржылық ұйымның клиенттері тиімді сату механизмдерін, сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді жылжытудағы жаңа технологияларды қолдану әдістерін талқылады деп хабарлайды ekaraganda.kz порталы.  Порталдың хабарлауынша, бұл күні микроқаржылық ұйымның клиенттері тиімді сату механизмдерін, сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді жылжытуда жаңа технологияларды қолдану әдістерін талқылады.  

KMF – Қазақстандағы және ТМД-дағы 1997 жылы құрылған ең ірі микроқаржылық ұйым. Компания кәсіпкерлікті, халықтың әл-ауқатының өсуін және ауыл шаруашылығының дамуын қолдауға бағытталған кредиттік өнімдерді ұсынады.

Конференция KMF клиенттері өндірген өнімдердің шағын көрмесінен басталды. Мұнда әртүрлі қолдан жасалған бұйымдар, тағамдар және көптеген басқалары ұсынылды. Компанияның дамудағы басымдылықтарының бірі бизнестегі әйелдерді қолдау болып табылатындығын атап көрсету керек.
- "60% -  бұл біздің ұйымымыздағы 150 мың белсенді клиент – нәзік жандылар. Қазіргі уақытта әйелдер кәсіпкерлігін дамыту өте танымал, ал біз өз кезегімізде мұнымен 1997 жылы бастап айналысқанбыз, - деп бөлісті Жандос Турсумбаев, Астана қаласындағы аймақтық директор – Ең белсенді өңірлер Шымкент, Қызылорда, Тараз, бірақ қарағандылық және астаналық кәсіпкерлердің тарапынан да жыл сайын  қызығушылық артып келеді. Мысалы, бір Қарағандының өзінде біздің 8000 клиентіміз бар".
Қаржы бергеннен бөлек, КМF қаржылық сауаттылыққа оқытумен айналысады. Осы қызметтің аясында «Халыққа арналған қаржылық сауаттылық» жобасы жүзеге асырылуда, ол іске қосылған сәттен бастап 137 000 қазақстандық, негізінен ауылдық өңірлердегі кәсіпкерлер оқытылды. Осындай әлеуметтік жобалардың бірі – «KMF іскер ханымы» конференциясы.
Осындай конференцияларды Қазақстанның әртүрлі аймақтарында KMF компаниясы 2006 жылдан бастап жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде екі мыңнан астам кәсіпкер әйел қатысты, олар алуан түрлі саладағы сарапшылардың, сонымен қатар бизнес-тренерлердің сөздерін, презентацияларын тыңдады.
- "Қазақстандықтарды қаржылық сауаттылыққа тегін оқыта отырып, біз қаржылық секторды дамытуға өз үлесімізді қосамыз: қаржы ісінде халық сауатты болған сайын, Қазақстан халқының әл-ауқаты да соншалықты жоғары болмақ, - дейді филиалдың аймақтық директоры. – «KMF іскер ханымы» конференциясы бірге серіктесуі үшін клиенттерімізді бір-бірімен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ жетекші бизнес-тренерлердің лекцияларының арқасында кәсіпкерлер әлеуметтік желілерді пайдаланып, бизнес жүргізуге үйренеді".
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы КМF-тің үлесін ұйымның серіктесі, осындай мақсаттарды көздейтін Еуропалық қайта құру және даму банкі де атап көрсетеді.
- " КМF-те де, ЕҚДБ-де де бір мақсат – әйелдерге бизнесін дамытуға және оны нығайтуға көмектесу. Бұл бағдарлама туралы білетін әйелдердің саны артуда, бұл ұзақ мерзімді бағдарлама болғандықтан әрі қарай да жалғаса береді," – деп мәлімдеді Елена Садикова, бизнес-тренер.
КМF ұсынатын мүмкіндіктерді атасулық  Раушан Заркеева да пайдаланды. Іскер ханым сүт өнімдерін өндіретін шағын өндірісін кеңейткісі кеп, армандайтын. Қазақстандық микроқаржылық ұйымның арқасында оның арманы шындыққа айналды.
- "Бастапқыда біз сиыр сүтінен сүт өнімдерін өндірумен айналыстық, соның арқасында клиенттерімізді көбейттік. Уақыт өте келе кеңейтуді қаладық. Әрине, қорқыныш ұялатты. Қалай және не істейтінімізді білмедік. Бірақ КМF қызметкерлері бізге өз күшімізге сенуге көмектесті, бізге ең қолайлы шарттар ұсынды,  бұл біздің кеңеюімізге көмектесті. Енді біз бие сүтінен сүт өнімдерін өндірумен айналысамыз, - дейді Раушан. – Бүгінгі конференция көп жаңа білім берді. Тәжірибелі сатушыларды тыңдаған қызықты әрі танымды болды, біз де олардың әдістерін өз ісімізде қолдануға тырысамыз".
- "Біз 100-ден аса адам қатысқан бұл конференция клиенттердің қатысуы бойынша да, тиімділік тұрғысынан да жоғары деңгейде болып өтті деп есептейміз. Конференцияға қатысушылар бизнес-тренерлердің тақырыптарына қызыққаны сонша, тіпті түскі асқа бармауды ұсынды. Клиенттерден алынған кері байланысқа қарағанда, келешекте олар осындай шараларға қатысып, жаңа әрі пайдалы білім алғысы келеді"- деп түйіндеді Асел Шегебаева, "KMF- Демеу" корпоративтік қорының бас директоры.
Шараны ұйымдастырушылар осындай конференциялар Қарағанды үшін дәстүрге айналып, кәсіпкерлердің бұдан да көп санын қамтитын болады деп сенеді.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024