KMF-DEMEU
«Қаржылай сауатты болу» байқауы
2020 жылы Enactus жас кәсіпкерлер қауымдастығының демеушілік қолдауымен KMF-Демеу 10 - 15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін «Қаржылай сауатты болу» үстел/онлайн ойынын әзірлеу бойынша Enactus студенттік командаларының арасында байқау жариялады.  
Жүлде қоры: 1 миллион теңге!
Байқаудың шарттары:
Қатысушы бизнес-жоспар, бейнеролик және жобаның еркін түрде берілген сипаттамасын ұсынуы тиіс. Бизнес-жоспар аймақтық ерекшеліктерді ескеруі, инновациялық болуы (инновациялық технологияларды пайдалану), бірегей болуы (бар кәсіпорындарды қайталамау), оңай масштабталатын болуы және KMF компаниясының «Отбасылық бюджетті басқарудағы қаржылық сауаттылық» жобасының басты ережелеріне негізделуі тиіс.

•    1 тур – Өтінім беру.
15 желтоқсаннан 25 қаңтар аралығы – 10 қатысушыны іріктеу.
•    2 тур – Power point форматындағы таныстыру және бейнеролик.
15 ақпан – 27 наурыз.

6 қаңтарда Қысқы лагерь аясында KMF-Демеу қызметкерлері командалар өз жобаларын аяқтауы үшін қысқаша нұсқама берді. 25 қаңтардан кейін қазылар алқасы екінші турға өткен 10 қатысушыны жариялайды.
Қазылар алқасына KMF-Демеу 2 қызметкері, ҚМФ 1 қызметкері және Enactus-тен 2 сарапшы кіреді.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024