KMF-DEMEU
«KMF Isker hanymy» конференциясы Шымкент қаласында Аяқталған шара
Шымкентте кәсіпкер әйелдерге арналған «KMF Isker hanymy» конференциясы болып өтті.
15 наурызда Шымкентте кәсіпкер әйелдерге арналған «KMF Isker hanymy» жыл сайынғы аймақтық конференциясы болып өтті. Конференцияға 160 адам қатысты, олардың көпшілігі  ШОБ, ірі бизнес  өкілдері мен өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер. Конференцияны «KMF-Демеу» қоры мен «KMF» МҚҰ ұйымдастырды.


Бұл шара айрықша болып табылады, өйткені конференцияның тарихы осы қалада басталған болатын. Нақ осы Шымкентте 2006 жылы кәсіпкер әйелдердің алғашқы кездесуі болып өтті.
Саны бойынша он бірінші конференция «Тиімді сату. Бизнесті жылжытудағы жаңа технологиялар» тақырыбына арналды. Шараға алуан түрлі саладан бизнес өкілдері жиналды. Конференцияның бағдарламасына сату техникасы бойынша, сонымен қатар клиенттерді тарту үшін жаңа әдістер мен құралдар пайдалану бойынша мастер-класстар мен таныстырулар енді. Конференцияға 160 қатысушының ішінде ШОБ, ірі бизнес өкілдері және кәсіпкерлік жолын енді бастағандар да бар.
Спикерлері Франкфурт бизнес мектебінің және «KazCreditConsult» компаниясының, «Business-Route» агенттігінің жетекші бизнес-тренерлері болды.  Одан бөлек, конференция өткізілетін аумақта KMF-тің қарыз алушы әйел клиенттері өндіретін тауарлардың шағын көрмесі өткізілді.
«KMF-тегі қарыз алушылардың шамамен 60%  – әйелдер. Біздің KMF-пен тұрақты міндетіміз оларды, соның ішінде ауылда қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ нарықтық өмірге бейімделуге көмектесу, өз ісін қалай дұрыс және шығынсыз дамыту керектігін, отбасы мен балаларды қалай қамтамасыз ету керектігін айту. Сондықтан біз көп жылдардан бері әйелдерді оқытуға, олардың дағдыларын және құзіреттілігін дамытуға қомақты қаржы салып отырмыз, сарапшыларды тартамыз, оларға арнап қаржылық сауаттылыққа оқыту бағдарламасының аясында бизнес-тренингтер өткіземіз, - деп түсіндірді Асель Шегебаева, «KMF-Демеу» қорының бас директоры.
Пайдалы әрі тәжірибелік ақпараттан бөлек, конференцияға қатысушылар шабыт алып, серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды.
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2019